Павлодарда мемлекетке 500 млн теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 500 миллион теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды zakon.kz.
4 жылдан астам уақыттан бері қылмыстық топ "өзара есеп айырысу" бойынша жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз берумен айналысқан.
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагенттік кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен.
Салдарынан мемлекетке 500 миллион теңгеден астам шығын келтірілді, - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.
Сот үкімімен күдіктілер 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, жалған шот-фактуралар жасау бойынша әрекеттерге барғаны үшін кінәлі деп танылды.