Жаңалықтар тізбегі
0

Әкімдік қызметкері бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2021 15:02 видеодан кадр
18 жерінен пышақталған 30 жастағы келіншек ауруханада жан тапсырды.

Оралда әкімдік қызметкері тапа-тал түсте бұрынғы әйелін пышақтап тастады. Денесі 18 жерінен пышақталған 30 жастағы келіншек ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қылмыс жайында куәгерлер хабарлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, жарақатының ауырлығынан тіл тартпай кетті. Күдіктінің қайда қашқанын да куәгерлер көрсеткен. Көп ұзамай полиция оны қаланың ортасынан ұстады. Көлігінен қан іздері мен қылмыс жасалған пышақ табылды.

Ресми ақпарат бойынша күдікті осыдан екі күн бұрын әкімдіктен өз еркімен қызметтен кетіпті-міс. Ал әйелімен ажырасқан екен. Оған араларындағы жанжал мен еркектің қол жұмсауы себеп. Күйеуінің үстінен арыз да жазған көрінеді. Бірақ кейін оны қайтарып алыпты. Қылмысқа қызғаныш себеп болды деген болжам бар. Марқұмның артында екі баласы қалды.

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:

- Күдікті жиырма минутта ізін суытпай ұсталды. 30 жастағы жәбірленуші ауыр жарақаттан ауруханада жан тапсырды. Тергеу амалдары басталды, күдікті тергеу абақтысына қамалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: