Елордалық келіншек Шымкентте арықтан өлі табылды
googleusercontent.com
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
21 сәуірде Шымкентте көшедегі арықтан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, тексеру барысында 39 жастағы азаматтың Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екендігі анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Сараптамалардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп нақтылады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.
Оқиға орнынан түсірілген видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript