ШҚО-дағы алапат өрт. Күдікті ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 17:45 zakon.kz
Ол от жаққан.

ҚР Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысындағы өртке қатысты күдіктіні ұстады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұл мәселе ТЖМ-нің құзыретіне жатпайды. Біздің білуімізше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстады. Ол от жаққан, - деді Талғат Уәли журналистерге.

10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында орман өртке оранды. Риддер қаласы маңындағы өртте Лесхоз елді-мекенінің бірнеше үйі өртеніп кетті. Адам құрбаны бар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен зардап шеккендердің барлығын баспанамен қамтамасыз етуді бұйырды.

Риддер қаласының полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: