Жаңалықтар тізбегі
0

Елордаға Грузияда қаза тапқан қазақ қызының денесі жеткізілді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2021 20:55 Хабар 24
Марқұмды бүгін елорда іргесіндегі Қабанбай батыр ауылына жерлейді.

Грузияда белгісіз жағдайда қаза тапқан отандасымыздың мәйіті елге жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Марқұмды бүгін елорда іргесіндегі Қабанбай батыр ауылында жерлемек.

"Қаршадай қыз өз-өзіне қол салған болуы мүмкін", - дейді сол елдің прокурорлары. Алайда Әсел Айтбаеваның анасы бұған сенбейді. Зар илеген ана біздің арнаға сұхбат берді.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- Грузияда қайтыс болған отандасымыздың мәйіті елге жеткізілді. Тбилисиден аттанған ұшақ елорда әуежайына таңғы 10:30 шамасында келіп қонды. Бортта марқұмныңң анасы да бар еді. Сол кісі бізге сұхбат берді. Айсұлу Айтпаеваның айтуынша, қызын өлтірген өзінің күйеу баласы болуы мүмкін. Өйткені әлгі адам оқиға болған түні ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Байланысқа мүлдем шықпапты. Марқұмның туыстары оны Қазақстанға қашып кеткен болуы мүмкін деп отыр.

Грузия прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған. Олар марқұм өз-өзіне қол салуы мүмкін дейді. Дегенмен, тергеу әлі жалғасып жатыр. Төрт бірдей адам күдікке іліккен көрінеді. Солардың арасында әлгі күйеу балалары да бар.

Қара жамылған отбасы істің ашық әрі әділ тергелуін талап етіп отыр. Арнайы шағым жазып, құзырлы орын өкілдеріне өткізіп те қойған. Марқұм Әсел Айтбаева Грузияға жұмыс іздеп барған екен. Қанды оқиға болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдесіпті. Грузияға келіп-кетуін өтінген екен. Одан бөлек, құрбыларына дыбыстық хабарлама жіберген. Сол жерде әлдебір ер адамның оған сес көрсетіп жатқаны естіліп қалыпты.

Еске салайық, 26 жастағы отандасымыз Әсел Айтпаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. Марқұм 9 қабаттан құлап қаза тапқан. Оқиғаның қалай болғанын Грузия полициясы анықтап жатыр. Ал марқұмды бүгін елорда іргесіндегі Қабанбай батыр ауылына жерлейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: