Мен дұрыс іс жасадым! Қарумен мектепті ойрандаған жігіттен жауап алынды
rbk.ru
Сұрақ-жауаптың үзінділері Life-shot Telegram арнасында жарияланды.
Татарстанда мектепте қарумен қырғын салған Ильназ Галявиев шамамен 20 адамды өлтіргісі келіпті. Ол сұрақ-жауап алу кезінде осылай деген, деп хабарлайды zakon.kz.
Сұрақ-жауаптың үзінділері Life-shot Telegram арнасында жарияланды.
Мен атсам өлтіру үшін аттым, жаралау үшін емес. Егер біреуді жай ғана жараласам, оны қорқыту үшін жасаған жоқпын, демек қалт кеткенім, дегенмен қуалап жүріп атқанда да аман қалса, онда өлгеніне менің көз жеткізбегендігім себеп. Мен атқанның барлығын өлтірдім деп ойладым. Бастапқыда гимназияда 20-ға жуық адамды өлтіргім келді, содан кейін бәрі қалай болады және күшім мен мүмкіндіктерімнің қаншалықты екенін есептедім. Мен гимназияға біреуді қорқыту немесе жарақаттау үшін емес, өлтіру үшін бардым, - дейді Галявиев.
Ол оқ-дәрісі таусылғанда сынып бөлмесінен дәлізге шыққанын нақтылады.
Бірінші қабатқа түсіп, басты кіреберіс жаққа қарадым, ол арада қолында қаруы бар көк формадағы адам тұр екен. Сонда оның құқық қорғау органының қызметкері екенін түсіндім. Көшеден алыстан полиция көлігін көзім шалды. Содан кейін өзімнің бәрібір ұсталатынымды түсінгендіктен, берілуге шешім қабылдадым. Екінші қабаттағы дәретхананың қол жуғышы астына тыққан оқ-дәрі салынған боқшам сол жерде қалды, ол үшін кері оралмадым, оны алмадым. Полиция көлігі мен офицерді көргенде, мені көріп қоймас үшін шеткері тұрдым. Содан кейін екі қолымды көтеріп алдыңғы есіктен сыртқа шықтым, гимназияның төбесіндегілер маған тізерлеуді бұйырды, содан кейін офицерлер мені ұстады, - деп сөзін жалғастырды қаскөй.
Полиция көлігінде Галявиев сол білегін тістелеп, өзін-өзі өлтірмек болды.
Бүкіл терімді тістеп тастап, май мен бұлшықетке де жеттім, бірақ артерияға дөп түсе алмадым. Тістеген сол қолымда қанталаған орын қалды. Полиция қызметкері қан тамырымды тістелеп жатқанын байқап, мені тоқтатты. Содан кейін олар мені бөлімге алып келді. Істеген өз ісіме өкінбеймін, Ресей заңы бойынша жасаған ісім үшін өз кінәмді толық мойындаймын, бірақ өзімнің заңым бойынша, кінәлі емеспін. Адамдарды өлтіру арқылы дұрыс іс жасадым деп санаймын. Осылайша, бәріне өзімнің Құдай екенімді және басқалар менің қалағанымды жасау керек екенін көрсеттім, - деп сөзін аяқтайды ол.
Қазандағы қайғылы оқиға 11 мамырда болды. 9 адам қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript