Алматыда сотталушыны қинаған түрме инспекторы 6 жылға сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 20:24 zakon.kz
Оған сотталушыға қарсы арнайы құралдармен (кісендер мен резеңке таяқшалармен) физикалық күш қолданды деген күдік келтірілді.

Алматы қаласы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖ ЛА-155/18 түзеу мекемесінің режим және қауіпсіздік бөлімінің инспекторы сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

8 маусымда Түрксіб аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖ ЛА-155/18 мекемесінің режим және қауіпсіздік бөлімінің инспекторы Б.Б.Ережепов 6 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚР Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлігі, 1.2-тармағы).

Ол сотталушыға қарсы арнайы құралдармен (кісендер мен резеңке таяқшалармен) физикалық күш қолданып, зорлық-зомбылық көрсетіп, сотталушының денсаулығына, заңды құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірді деп күдікке ілінді, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: