Шымкентте қызметтік көлікті теуіп, полицейді бетінен ұрған жасөспірім сотталды

Полицей, Шымкент, қызметтік көлік, тебу, ұру, жасөспірім, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 19:43 Сурет: pexels
Шымкентте жасөспірім билік өкіліне қарсы күш қолданды деген айыппен 1 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта анықталғандай, жасөспірім 2025 жылдың қараша айында Шымкент қаласы, 18 мөлтек ауданында орналасқан үйдің ауласында орын алған төбелеске байланысты шақыртумен оқиға орнына келген полиция қызметкерлері отырған қызметтік автокөлікті теуіп, сыртқа шыққан қызметкерлерге бағынбаушылық танытып, бетке соққы жасап, адам денсаулығына зиян келтірмейтін жарақаттар келтірген.

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.

Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады

Сотталушы кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын ниетпен өкінуін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот, кәмелетке толмаған А-ны ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігінің 1, 5-тармақтарымен кінәлі деп танып, оған 1 жыл 4 төрт ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Жезқазғанда жол ережесін бұзған мас жүргізуші 15 тәулікке қамалғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: