Оралда науқас аурухананың үшінші қабатынан секіріп, қайтыс болды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2021 21:43 24kz
Жарты сағаттай уақыт өткен соң жерде жатқан науқасты медбике тауып алды. Ол дереу жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады.

Оралда ер адам аурухананың үшінші қабатынан құлаған. Ол мұнда екі күн бұрын қан қысымына байланысты жатқызылған, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, 21 маусымда ер адам ауруханадан шығаруын сұраған, бірақ науқастың әйелі оны стационарда емдеуді жалғастыруды талап етті. Жақын адамынан айырылуына байланысты науқас депрессияға да ұшыраған.

Науқастың эмоционалды жағдайына байланысты оған психологтың кеңесі тағайындалыпты. Оқыс оқиға орын алған күні дәрігелер палатаны аралап, науқастарды қарап шыққан, содан соң ер адам холға шығып, терезеден секіріп кеткен.

Жарты сағаттай уақыт өткен соң жерде жатқан науқасты медбике тауып алды. Ол дереу жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: