Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да жезөкшелер мен қайыршыларға қарсы рейд өтті

rferl.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2021 15:43 rferl.org
"STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жеңгетайлық фактілері анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері маусымның 16-сы мен 18-і аралығында өткен "Стоп трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды zakon.kz СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының ерекше назарында - көңіл көтеру орындары, сауналар, құрылыс алаңдары, шаруашылық және фермер қожалықтары және тағы басқа орындар, бұнда адам саудасымен, сексуалдық және адам еңбегін пайдаланумен байланысты қылмыстардың жасалу қаупі жоғары.

Жеңгетайлық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Сондай-ақ, ҚР ҚК "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" 262-бабының екі бөлігі бойынша фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер қатарында үш саунаның жалға алушысы және әкімгерлері бар, бұнда ақшалай сыйақыға интимдік қызметтер көрсету фактілері тіркелді.

Бұдан бөлек, М. Жұмабаев ауданында еліміздің аумағында құжатсыз және тіркелмей жүрген Өзбекстан Республикасының 41 жастағы тұрғыны анықталды. Сот қаулысына сәйкес шетелдік жеке тұлғасы анықталғанға дейін қабылдап-тарату орнына қамалды. Қайыршылық үшін 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: