Теміртауда үстіне темір қоршау құлап, бала майып болды

instagram.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2021 21:20 instagram.com
Облыстық полиция тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Теміртауда 12 жасар баланы балабақшаның темір қоршауы басып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға жайлы баланың анасы Instagram желісінде хабарлады.

Оның айтуынша, 1 шілдеде сағат 18.30-да бала жаттығуға бару үшін балабақшаның жанынан өтіп бара жатқан. Қатты желдің салдарынан қоршау құлап, баланың үстіне түсті. Қоршау бекітілмеген.

Менің балам өмір мен өлімнің арасында жатыр. Оның шекесі жарылып, бас-сүйектің желке тұсында да зақымы бар, - деді анасы.

Облыстық полиция тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 277 бабы 1 бөлімі, "Тау-кен жұмыстары немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процедуралық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: