Лаңкестік әрекетке қатысы бар күдікті Грекиядан Қазақстанға жеткізілді

qazaquni.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2018 23:00 qazaquni.kz
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бүгін Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері террористік әрекетпен байланысты қылмыстар жасағаны үшін Афинадан (Грекия) Астанаға күдікті, Дастан Хайсинді экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктіні экстрадициялау Грекиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен қазақстандық қылмысты қудалау органының және грек әріптестердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.

«Дастан Хайсин - Қарағандының тумасы. Ол 2015 жылдан бастап Сирия аумағында террористік әрекетке қатысқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген» делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Хайсин Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: