Қазақстанның екі облысын қою түтін басты
pixabay.com
Келтірілген деректер бойынша, Ресей мен еліміздің шекаралас аумағында орман өртенген.
Ресейдің Қорған облысында орман өртеніп, оның қою қара түтіні Қостанайға да жетті, деп хабарлайды zakon.kz.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Қорған облысы бойынша Бас басқармасының хабарлауынша, 6 шілдеде Қорған облысының Новотроицкий елді-мекені аймағында құрғақ шөп өртеніп, орман отқа оранды..
Қатты жел екпінің траекториясы әр сәтте құбылмалы болуына байланысты өрттен шыққан түтін Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының шекаралас аймақтарына жетіп, әрі қарай Қостанайға ойысты. Қостанайдың өзінде және қала маңында жағдай тұрақты, өрт жоқ, деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript