Жаңалықтар тізбегі
0

Боралдайды қою түтін басты

Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай, түтін, электр өнімдерін шығаратын цех, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 14:33 Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысында 24 қазан күні электр қалқандарын шығаратын цех өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 10:14-те кезекші бөлімге Іле ауданы, Боралдай ауылында орналасқан цех аумағынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Каз Билдинг-Сервис" ЖШС аумағында электр қалқандарын шығаратын цехта, орамадағы мыс электр кабельдері мен өндірістік жабдықтар өртенді, өрт 290 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп мәлімдеді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сағат 11:30-да сөндірілді. Ведомствоның мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебін Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өртке қарсы ғылыми-зерттеу зертханасының және Тергеу басқармасының қызметкерлері анықтайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: