Алматыда Glovo курьерлері наразылық акциясына шықты

cdn.agency, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 22:40 cdn.agency
Айта кетсек, мамыр айының басында қалада Wolt. курьерлері ереуілге шыққан болатын.

Glovo компаниясының курьерлері наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жас жігіттер компания бонустар мен үстеме ақыларды, платформаға қосылу шарттары мен бағыт-бағдарларды оңтайландыру мәселелерін талқылау үшін кеңсе алдына жиналды.

Курьерлік қызметке сәйкес, қызметкерлер жүйемен келіспеген жағдайда басқа компаниямен ынтымақтастықты таңдауға құқылы.

Glovo бұған қатысты мынандай түсініктеме берді: курьерлердің тапсырыстарды күту уақытын қысқарту және маршрутты оңтайландыру туралы сұраным мен ұсыныстары серіктес мейрамханаларға, техникалық қызметтерге жолданды.

Айта кетсек, мамыр айының басында қалада Wolt. курьерлері ереуілге шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: