Жаңалықтар тізбегі
0

Яндекс жүргізушілері Талдықорғанда наразылық акциясына шықты

Яндекс жүргізушілері Талдықорғанда наразылық акциясына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 13:50 Сурет: pxfuel
Талдықорғанда танымал Яндекс.Такси қызметінің жүргізушілері платформаның жағдайына көңілі толмайтынын жеткізді. Олар кепілдік берілген бонустардан айырылғанына наразы, деп хабарлайды Zakon.kz

Жүргізушілердің айтуынша, бүгіннен бастап қызмет такси жүргізушілеріне қойылатын шарттарды өзгерткен. Осылайша 50 сапарға кепілдік берілген бону қолданбадан жойылған және шағын тапсырыстар үшін қашықтық диапазоны өзгертілген.

"Бұрынғы шарттар өзімізге қайтарылғанын қалаймыз. Біріншіден, бізге 50 жол жүру үшін бонус қажет. Екіншіден, алыс қашыққа сапарларды есептеу алгоритмін 2,5 шақырымнан 1,8 шақырымға дейін өзгерту керек. Тапсырыстың ең төменгі сомасын 220 теңгеден 350 теңгеге дейін көтеруіміз керек. Біз қазірдің өзінде электрсамокаттарынан арзан жұмыс істеп жатырмыз, ұят", - дейді жиналғандар.

Наразылық акциясына 50-ге жуық жүргізуші шықты. Олар Яндекс.Таксиден қойған талабын толық орындалуын талап етіп отыр. Ал таңертең Талдықорғанда тасымалдаушылар тапшылығы байқалды. Яндекс - жүргізушілер үшін де, жолаушылар үшін де басты платформалардың бірі.

Қызмет өкілдері жүргізушілердің шағымына әлі жауап берген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: