Алматыда заңсыз митинг өтті

zakon.kz/Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 23:37 zakon.kz/Золотухин
Тәртіп бұзушылар полиция қызметкерлеріне бағынбай, оларға әртүрлі заттар лақтырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды құрметтемейтіндерін танытты.

Алматыда 6 шілдеде рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның айтуынша, жиналғандар мегафон және басқа да заттарды қолдану арқылы көшелермен жүріп өтпек болған.

Сонымен қатар, тәртіп бұзушылар полиция қызметкерлеріне бағынбай, оларға әртүрлі заттар лақтырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды құрметтемейтіндерін танытты.

Полиция ішкі істер органдарына тәртіпті бұзған үш адамды әкелуге мәжбүр болды. Екі адам 10 тәулікке қамауға алынды. Тағы бірі денсаулығына байланысты жауапкершіліктен босатылды, - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: