Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзенде аштық жариялаған мұнайшылардың талабы орындалды

иллюстрация үшін алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2021 15:40 иллюстрация үшін алынды
"Өзенмұнайгаз" компаниясына сервистік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері 12 талап қойған.

Жаңаөзенде алты күннен бері жұмысын тоқтатып аштық жариялаған мұнайшылардың талабы ақыры орындалды. "Кезби" серіктестігінде істейтін жұмысшылардың жалақысы 50 пайызға арттырылып, күрделі жұмыс істегендерге 35 пайыз көлемінде сыйақы төленетін болды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

- Ұжымдық дауымыздың нүктесі қойылды. Даудың шешілуіне атсалысқан әр азаматқа алғысымыз шексіз! Ереуілшілердің талабын арнайы комиссия қарастырып оң шешім шығарды.

1200-ге жуық адам жұмыс істейтін "Кезби" серіктестігінің жұмысшылары бір аптадан бері жұмысты тоқтатып, аштық жариялаған. "Өзенмұнайгаз" компаниясына сервистік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері 12 талап қойған: жалақыны көтеру, сыйақы төлеу, сауықтыру төлемін көбейту, мереке күндері қосымша ақы төлеу. Барлығы жұмыс беруші тарапынан қолдау тапты. Жауаптылардың айтуынша барлық материалдық төлем қосымша өндірістік жүктеме берілгенде және тариф көтерілгенде жүзеге асырылады.

Шадрах Ермекбайұлы, Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы:

- Мекеме басшылары екі ай мерзімге дейін осы көтерілген нәрселерді шешуді өз қаражатына мойнына алды. Қыркүйектен бастап «Қазмұнайгаз»мекемесі қол үшін беріп көмектесіп, 50 пайызды беруге міндеттеме алды. 2022 жылда қаңтар айынан бастап 50 пайыз әлеуметтік сыйақы көтеріледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: