Медициналық сақтандырудың қызмет сапасына талап күшейтілді

Медициналық сақтандырудың қызмет сапасына талап күшейтілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2024 14:13 Сурет: freepik
Халық көп шағымданатын медициналық сақтандыру қызметіне талап күшейтілді. Яғни, МӘМС бойынша мединицалық қызмет көрсететін ұйымдарға қойылатын талап түрі көбейді.

Бұған дейін бұл мекемелер пациентті өздері қабылдамай, қосалқы мердігерлікке беретін.

Осы қосалқы тараптарға беруге шектеу енгізілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Себебі, осының салдарынан қарапайым халық өздері бекітілген мединицалық мекеде емес, өзге жерден тексерілуге мәжбүр болатын.

Енді қойылған бұл талаптар дұрыс орындалмаса, шарт бұзылады.

Сондай-ақ медициналық мекеме МӘМС жүйесіндегі қызмет берушілер базасынан шығарылады.

Бұл қадамдар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: