Іле Алатауында жоғалған ер адам табылды
ҚР ТЖМ
18 шілдеде турист Іле Алатауында жоғалып кетті. Ол досына хабарласып, Маметова шыңына шыққанын, енді одан қалай түсерін білмей тұрғанын айтқан. Одан кейін ар адаммен байланыс үзілген.
Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) құтқарушылары жоғалған ер адамды Мәншүк Мәметова шыңының мұздығынан тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
19 шілдеде мұздықты шолу кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы тауда адасып кеткен туристті тапты. Ол қатты суықтап қалған болып шықты, құтқарушылар оны жылы киіммен орады. Оған медициналық көмек қажет болмады. РЖҚЖ жедел тобы туристермен бірге таудан түсті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
18 шілдеде турист Іле Алатауында жоғалып кетті. Ол досына хабарласып, Маметова шыңына шыққанын, енді одан қалай түсерін білмей тұрғанын айтқан. Одан кейін ар адаммен байланыс үзілген. Іздеуді РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының альпинистерімен бірге жүргізді. Жоғалған адамды іздеуге "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript