Ақтөбе облысында "Қыс" қаржы пирамидасынан зардап шеккендер іздестіріліп жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2021 20:03 zakon.kz
Материалдық залал көлемі ауқымды.

Қандыағаш қаласының тұрғыны 75-тен астам салымшыны алдап соқты, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың қазан айында әйел "Қыс" деп аталатын қаржы пирамидасын құрып, азаматтардан ақша тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырды.

Материалдық залал көлемі - ауқымды. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша 75-ке жуық жәбірленуші бар. Мұғалжар аудандық ПБ Тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы, "Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және басқару" бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полициясы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: