Семейде Шәкәрім атындағы университет отқа оранды

youtube.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2021 16:35 youtube.com
Ілезде тараған от, тіпті университетің мұрағат қоры мен кітапханасын да жалмап кете жаздады.

Семейде Шәкәрім атындағы университет отқа оранды. Өрт білім ордасының дәрісханасынан тұтанған, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Жалынды ауыздықтауға 50 өрт сөндіруші мен он төрт техника жұмылдырылды. Себебі: қарқын алған от төңірегіне ілезде тараған. Тіпті университетің мұрағат қоры мен кітапханасын да жалмап кете жаздады.

Абырой болғанда жедел жеткен өрт сөндірушілер өртті дер кезінде ауыздықтап үлгерді. Студенттер мен ұстаздар қауымы жазғы демалыста болып, зардап шеккен ешкім жоқ. Есесіне ғимараттың 150 шаршы метр аумағы күлге айналды. Қазір мамандар өрттің нақты неден тұтанғанын тексеріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: