Бір-біріне жол бермеген. Қарағанды облысында әкелі-балалы жол апатынан қайтыс болды
24kz
36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы боп отырған.
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатында әкелі-балалы қайтыс болды. Бір отбасы мүшелері жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен көз жұмған, деп хабарлайды zakon.kz.
36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы боп отырған. Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді. Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Келіп түскен мәліметтерге қарағанда, ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр, - дейді КТК тілшісі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript