Атырауда жол апатынан төрт адам опат болды
Сурет: видео скрині
10 наурызда сағат 01:40 шамасында Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс көпірінде Lada Granta және Infinity автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz Atpyrau press.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау полиция басқармасы хабарлады.
Жол апаты салдарынан Lada Granta автокөлігінің 1998 жылы туған жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза болып, тағы бір жолаушысы жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript