Ақмола облысында ақпаратқа заңсыз қол жеткізген күдікті ұсталды
коллаж / zakon.kz
46 жастағы тұрғын 41 жастағы тұрғынның құқығына қол сұқты.
Ақмола полицейлері жеке ақпаратқа заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша күдіктіні анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Екібастұз қаласының 46 жастағы тұрғынының өтініші бойынша облыс орталығының 41 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 205-бабының 1-бөлігі "Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникация желісіне құқыққа сыйымсыз қол жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын ала анықталғандай күдікті өтініш берушінің ұялы телефонын пайдаланып, әлеуметтік желідегі жәбірленушінің жеке аккаунтын ашқан және оның атынан дөрекі хат жазысқаны анықталды.
Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript