Абай облысында университетке түсуге көмек көрсетем деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 13:54 Фото: Zakon.kz
Жаңасемей ауданының 41 жастағы тұрғыны алаяқтық фактісі туралы полицияға арызданған.

Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт биыл мамыр айында оның 18 жастағы ұлының университетке түсуіне көмек көрсетемін деп сенімін пайдаланып, 2 500 000 теңге көлемінде ақшасын жымқырған.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Семей қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда оған қатысты алаяқтық бойынша тексеру жүргізілуде.

Күдіктіге процессуалдық құқықтары түсіндіріліп, келу міндеттемесі алынды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарға университетке түсу, жұмысқа орналасу немесе құжаттарды рәсімдеу бойынша "көмек" көрсету туралы уәделерге, әсіресе бейтаныс адамдардың сөзіне сенбеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: