Ақмолада полиция қызметкерлері кісі өлтірді деген күдіктіні іздестіріп жатыр
Ақмола облыстық ПД
Күдікті - бұрын сотты болған РФ азаматы.
Ақмола облысында тәртіп сақшылары адам өлтірді деген күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Кісі өлтірді деген күдікпен 1993 жылы 12 қарашада туған, Ресей Федерациясының азаматы, Ақмола облысы Есіл қаласының тумасы Назмиев Руслан Ринатұлы іздестірілуде. Ұлты - татар, бұрын сотталған, - деп хабарлады облыстық ПД.
Белгілері: бойы - 185 см, дене бітімі орташа, беті сопақша, аққұба, көзі үлкен, қоңыр, тік мұрынды, шашы қара, қысқа.
Оны көрген немесе қайда жүргенін білетін кез келген адам мына телефондар арқылы хабарласуы сұралады: 8 (7162) 29-10-09, 29-11-14, 87761106565 немесе 102.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript