Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында ауыл тұрғындары айналма жолды жапты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2021 16:11 видеодан кадр
Жанайқайымызды жеткізу үшін өзіміз жұмыстан, балаларымыз бақшадан қалды!

Алматы облысындағы Байтөбе ауылының тұрғындары айналма жолды жауып, құрылысқа жауаптыларға талаптарын жеткізді. Елдімекенге кіріп-шығудан қалған жұрт құрылыс техникасының кесірінен шаң жұтып отырғандарын айтады, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Үлкен Алматы" айналма жолына Байтөбе ауылының тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай жиналды. Олар техниканың қызметін тоқтатып, жауаптылардың келуін талап етті.

Галина Қожанова, Байтөбе ауылының тұрғыны:

БАКАД болады ойбай "ондай болады, бұндай болады деп сатқанда бізге мақтап-мақтап өтіріктерді айтып сатты. Бүйтіп жол бермейді екен, неге сатады бізге? Неге әкімдер добро береді? Неге ГосАКТ береді, неге саттырады жерді? Саттырмасын.

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы әлі аяқталмаған. Алайда, тұрғындар толығымен біткеннен кейін жан-жағына биік қоршаулар тұрғызылып, қалаға қатынауымыз қиындай түсе ме деп қорқуда. Сонымен қатар, қазірдің өзінде ары-бері қатынаған техниканың әсерінен таза ауамен емес, шаңмен демаламыз, дейді.

Қырмызы Мұсаева, Байтөбе ауылының тұрғыны:

Мына шаңның бәрін жұтып жатырмыз. Экология жоқ қазір. Мынандай вируста адамдар одан сайын ауырып жатыр ғой. Соның бәрін ойлау керек қой. Біздің әкімшілігіміз ешнәрсе ойлап жатқан жоқ шындығын айтқанда. Айтсақ, біздің ісіміз жоқ, анау-мынау деп айтады.

Бұл мәселені тұрғындар 2019 жылдан бері көтеріп келеді екен. Ауылға кіріп шығатын жол жасап беріңдер, дегенге ешкім құлақ аспапты. Даулы мәселені бейбіт түрде шешіп, халыққа түсіндіру үшін ауыл әкімі мен Қарасай ауданынан да ақ жағалылары бүгін төбе көрсетті. Көптің күйттеген мәселесін қарастырып жатырмыз, дейді.

Айбар Жақанбаев, Қарасай аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Тұрғындардың сұрауы бойынша бұл жақта КХ, ЛПХ дачный массивтері бар соларға аудан тарапынан уақытша жол жасау қарастырып отырмыз. Келешекте, аталмыш массивтың генпланы жасалады.

Ал, мердігер компания өкілі мұнда көліктер сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүретін магистраль болатындықтан, ауылдан кіріп шығатын жолдың болмайтынын кесіп айтты. Қарапайым халыққа қосымша жолдар арқылы кіріп-шығу жағын қарастырамыз деп отыр. Ал, жаяу жүргіншілерге арналған өткел жоспарда бар, дейді.

Екатерина Жирова, мердігер компанияның өкілі:

Бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өткелі қарастырылған. Ол мектептің жанында болады. Кемертоғанның шығыс бөлігінде орналасады. Ал, ауылға Үлкен Алматы айналма жолы арқылы өтуге болмайды. Қазір біз қосалқы жолдарды осы жерге әкелуді қарастырып жатырмыз.

Ал, Байтөбеліктер Кемертоғандағы мектепке дейін үш шақырым жер екенін алға тартуда. Балаларымызды апарып әкеулі қиынға соғады дейді. Бірақ, атқамінерлер әзірге бас жоспардың жасалып жатқанын алға тартып, халықтың мәселесін оңынан шешуге тырысамыз деп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: