Үстіне арақ құйып, өртеп жіберді. Павлодардағы ерлі-зайыптылардың жанжалы
zakon.kz
Отқа оранған әйелін көрген күйеуі бірден есін жиып, оны сөндіруге тырысып, өртенген киімдерді шешуге асықты. Содан соң жедел жәрдемге қоңырау шалған.
Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде болған дастархан басындағы тойлау трагедиямен аяқталды. Күйеуі әйелінің үстіне арақ құйып, от қойған, деп хабарлайды zakon.kz.
8 тамызда ерлі-зайыптылар қайын атасының үйіне қонаққа келіп, мерейтой атап өтті. Ішімдік ішкен күйеуі көлігімен бір жерге барғысы келеді, әйелі оған тыйым сала бастады. Осылайша жанжал туып, салдарынан ашулы күйеуі тоңазытқышта тұрған арақты әйелінің үстіне құйып, өртеп жіберді.
Отқа оранған әйелін көрген күйеуі бірден есін жиып, оны сөндіруге тырысып, өртенген киімдерді шешуге асықты. Содан соң жедел жәрдемге қоңырау шалған.
Бірінші дәрежелі күйік шалған ауыл тұрғыны Павлодардағы ауруханаға жатқызылды. Бұл факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript