Екібазтұзда кішкентай қыз аккумуляторға арналған қышқылды ішіп қойған

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2021 17:46 pixabay.com
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.

Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.

Мәселен, 12 тамыз күні сағат 09.40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен, - деді баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 09.10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішкен. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: