Түркістанда бір шенді жекеменшік мектептен пара алды деген күдікке ілінді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2021 23:34 zakon.kz
Тергеу жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысында шенеунік 5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысы бойынша Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, шенеунік жекеменшік мектеп өкілінен білім беру қызметіне лицензия бергені үшін 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

Қылмыс жасағаны үшін кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмады, деп хабарлайды агенттік.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: