Алматы облысында ағасы інісін өлтіріп алды
polisia.kz
Жәбірленуші ағасымен бір аулада көрші тұратыны хабарланды, ол жанжал кезінде екі метрлік ағашпен інісінің басынан ұрған. Ұсталған 53 жастағы азамат Б. қылмысын мойындады.
Алматы облысында екі ағайынды арасындағы жанжал кісі өліміне әкеліп соқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.
50 жастағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ескелді ауданының орталық ауруханасына көзге көрінетін дене жарақатынсыз, есі шыққан күйінде түскен. Ер адам ауыр жағдайға байланысты мең-зең болып, аты-жөнін айта алмай, не жағдай болғанын да түсіндіре алмады. Медициналық көмек көрсету үшін ол Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға ауыстырылды, ол есін жимастан ішкі миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми ресурсы .
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-тармағы, "Кісі өліміне әкеліп соғатын ауыр дене жарақатын келтіру" бойынша бірыңғай тізілімге енгізілді.
Сондай-ақ, жәбірленуші ағасымен бір аулада көрші тұратыны хабарланды, ол жанжал кезінде екі метрлік ағашпен інісінің басынан ұрған. Ұсталған 53 жастағы азамат Б. қылмысын мойындады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript