БҚО-да саяжай қарауылы зейнеткерді өртеп жіберді
pxhere.com
Сөзге келген екеудің жанжалы төбелеске айналады, сол кезде зейнеткер пневматикалық винтовкасын алып шығады. Қатты қорқып кеткен күзетші оған тез тұтанатын сұйықтық шашып, оты бар шырпыны лақтырады.
"Микробиолог" саяжай аумағында орын алған оқыс оқиға кісі өліміне әкеліп соқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.
63 жастағы ер адам ескі саяжайын бұзып жатқан. Жергілікті қарауыл (І-топтағы мүгедек) оны тоқтатуға тырысты.
Сөзге келген екеудің жанжалы төбелеске айналады, сол кезде зейнеткер пневматикалық винтовкасын алып шығады. Қатты қорқып кеткен күзетші оған тез тұтанатын сұйықтық шашып, оты бар шырпыны лақтырады.
Жалын лап ете түскенде ісіне өкінген күзетші өртті сөндіруге тырысты, бірақ бұл көмек болмады, жәбірленушінің денесінің 90%-дан астамын күйік шалған, ер адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, - дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Ер адам ұсталды, ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі, "Өлімге әкеліп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript