Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да кішкентай баласы бар келіншектер есірткі тасымалдаумен айналысқан

ШҚО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 18:58 ШҚО ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта баласы бар екі келіншек қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қамауға алынды. Балалары жақын туыстарына берілді.

ШҚО-да балалары бар петропавлдық әйелдер есірткі тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді. Бұл жолы Петропавл қаласынан келіп, жалдамалы пәтерлерде Telegram мессенджері арқылы “скорость” және “меф” деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы бір топ әйел құқық қорғау органдарының назарына түсті.

Есірткіні қойып кетумен айналысқандардың бірі сегіз және алты жастағы екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екені белгілі болды. Ол заңсыз әрекетін реттеу үшін биылғы жылдың маусым айында қалаға келген. Біраз уақыттан кейін қалаға келген әпкесі де қылмыстық іске араласқан. Тінту барысында 2000-нан астам бір реттік доза, шамамен 700 грамм синтетика тәркіленді. Оның “қара нарықтағы” бағасы 11 млн. теңгеден асады. Қазіргі уақытта екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қамауға алынды. Балалары жақын туыстарына берілді.

Тәркіленген тыйым салынған синтетикалық есірткінің жалпы салмағы 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: