Жаңалықтар тізбегі
0

Алимент төлеуден қашып жүрген әкелерге мүмкіндік туды

Объектив.кз, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 15:22 Объектив.кз
Үш айдан артық төлемесе,оны проблемалық алиментке кіргізіп жатырмыз. Біреуде 2 миллион бар. Біреуде 3 миллион. Екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды - Алматы қалалық Әділет департаменті.

Алматыда 200-ден аса әке алимент төлеуден қашып жүр. Безбүйрек ерлердің баласының алдындағы қарызы 350 миллион теңгеге жеткен. Жұмыс жоқтығын сылтауратқан азаматтарға енді әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасы екі қолға бір күрек тауып беруге кірісті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өйткені шаһардағы әкелердің бұрынғы отбасы алдындағы берешегі күн санап өсуде.

Руслан Тілеужанов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Әйелім "аз төлейді, жасырын жұмыс істеп жүр" деп ойлайды. Менің ондайым жоқ. Бетім ашық. Айтқан. Шақырды. Мен келдім, жұмыс табуға. Қоймашы бар екен, менеджер бар.

Бір ғана Алматының өзінде алимент төлейтін әкелер саны 12 мыңнан асқан. Бірі перзентінің алдындағы берешегін өтеп жатса, көбісі жалақысын жасырып қалуға тырысады. Жауапсыз ерлердің борышын төлетуге мемлекет қолданбаған шара қалмаған. Әйтсе де ескертуді елемейтіндер көп жағдайда төлемнің уақтылы жасалмауын, жағдайының төмендігі және жұмыссыздықпен байланыстырады. Енді "Жұмыс орындары жәрмеңкесі" ұйымдастырылып, әділет басқармасы 15-тен аса компанияны аталмыш шараға тарттып отыр. Әрқайсысында 50-ге жуық бос вакансия бар. Онда ер-азаматтар қолынан келетін жұмысқа орналастыра алады.

Абай Арап, Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы:

- Әрқайсысынан алатын болсаңыз, миллионның үстінде. Әр борышкердің, 200 адамның миллионның үстінде. Үш айдан артық төлемесе,оны проблемалық алиментке кіргізіп жатырмыз. Біреуде 2 миллион бар. Біреуде 3 миллион. Екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Он адамға қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның үстіне тағы алменттен жалтарып жүрген 25 адамға сондай шара дайындап жатырмыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: