Дәрігерлер Талдықорғанда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Талдықорғандағы зауытта болған жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Үш адам (1962, 1969 және 1977 ж.т.) Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Екі ер адамның жағдайы - орташа, 1977 жылы туған ер адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. 1977 жылғы науқас бас, беттің, мойынның, кеуде қуысының терісі күйген, ол ауруханаға 1-2-3А дәрежелі термиялық күйік диагнозымен түсті. Денесінің беткі жағы - S =93-95%, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлердің айтуынша, 1969 жылғы жұмысшы: бас терісінің және бетінің термиялық күйігі - І-ІІ дәрежелі. Денесінің 10% күйік шалған. Жоғарғы тыныс алу жолдарын да күйік шалды. 1962 жылғы жұмысшының бас терісі мен оң жақ жоғарғы бөліктерінің термиялық күйігі -І, ІІ, ІІ дәрежелі, денесінің 14% күйік шалған.
Барлық науқастар аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
25 тамызда Талдықорғандағы автокөлік доңғалақтарын қайта өңдеу зауытында өрт шықты. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жарылыс ескі доңғалақтарды вакуумдық сығымдауға арналған резервуардағы дүмпу салдарынан орын алған.