Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау басқармасы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

spid.center/ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2019 17:02 spid.center/ru
Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы пойыз бен автобус апатынан зардап шегіп, ауруханаға түскендердің жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шамалған станциясында болған апат салдарынан 3 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты. 2014 және 2016 жылы туылған балалар мен 33 жастағы әйел Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде, әзірге денсаулықтарына қатысты өзгеріс жоқ.

2016 жылғы баланы диагнозы: бастың жабық жарақаты. Мидың шайқалып, басқа қан кетуі. Кеуде қуысына жабық жарақат келген, сол жақ өкпе зақымданған, ІІ-ІІІ деңгейде кома 2-3.

2014 жылғы баланың диагнозы: бастың жабық жарақаты. Мидың шайқалуы, оң жақта шеке сүйегінің сынуы. Оң жағында субдуральды гематома. ІІ-ІІІ деңгейде кома.

1986 жылғы науқастың диагнозы: жабық бас жарақаты. Мидың шайқалуы. Оң жақ иығы шығып, сынып кеткен, Сол жағы иығы да шыққан, І-деңгейдегі травматикалық шок.

"19 сағат 26 минутта жедел жәрдем станциясына ішінде 67 жолаушысы бар автобустың пойызбен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 15 минут ішінде 9 жедел жәрдем көлігі келіп жетті. 2014 және 2016 жылы туылған екі бала және 33 жастағы әйел Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде" - деді облыстық денсаулық сақтау бөліміндегілер.

Кейбір деректер бойынша, ауруханаға түскендер бір отбасының мүшесі, яғни анасы мен екі баласы.

Айта кетсек, оқыс оқиға 15 қыркүйекте сағат 19: 20-да болған. Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы автобуспен соқтығысқан. (Шамалған станциясы). Салдарынан автобус жүргізушісі мерт болған, үш адам ауыр күйде ауруханаға түскен. Алдында осы оқиғаға қатысты зардап шеккендер тоғыз деп мәлімделген. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: