Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы төтенше оқиғаның хронологиясы

ҚР Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 16:06 ҚР Қорғаныс министрлігі
Мұнда әскери бөлім мен инженерлік оқ-дәрілер қоймасы 1972 жылдан бері бар.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери базадағы оқыс оқиғаның өрбу хронологиясын тізбектеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрттің алғашқы минуттарынан бастап дабыл бойынша әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары көтерілді, олар шынжыр табанды және дөңгелекті өрт сөндіру техникамен өртті оқшаулауға кірісті. Жамбыл облысы бойынша ТЖД-дан өрт сөндірушілер шақыртылды. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды, - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Инженерлік оқ-дәрілер – бұл табиғи (жартастар, таулар), сол сияқты салынған (ғимараттар, құрылыстар) әртүрлі объектілерді бұзуға арналған құрылғылар. Оларды жаудың техникасы мен адам күшін жою үшін де қолдануға болады. Бұлар – зарядтар, фугастар жеке құрамға қарсы және танкке қарсы миналар, тротил және басқа да жарылғыш заттар.

"Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт салдарынан инженерлік оқ-дәрілердің бірнеше жарылысы орын алды. Оқиға куәгерлерінің жазған видеоларында аспандағы қою түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың жануынан орын алуы ықтимал. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасының артиллериялық және реактивті оқ-дәрілер қоймасынан айырмашылығы онда снарядтар сақталмайды. Өрт пен жарылыс кезінде олар қатты соққы толқынын, ауқымды жалын мен дыбыстық дүмпулер тудырады. Алайда сонымен бірге оқ-дәрілердің ірі бөлшектері, фрагменттері мен қалдықтары жан-жаққа ұшқан жоқ", - дейді министр өз түсініктемесінде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 16:06

Сағат 19.15-тен бастап әскери қалашықтың 16 үйінің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Содан кейін оқиға орнынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан үш елді-мекеннің тұрғындарын эвакуациялау ұйымдастырылды. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер Жамбыл облысының әскери бөлімдеріне жөнелтілді.

Қорғаныс министрлігінде арнайы комиссия құрылып, олар Қорғаныс министрінің басшылығымен Төтенше жағдайлар министрімен бірге әскери-көлік авиациясының ұшағымен сағат 22.00 шамасында Жамбыл облысына ұшып кетті.

Оқиға орнында Қорғаныс министрінің, Төтенше жағдайлар министрінің, Жамбыл облысы әкімінің, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Оқиға салдарын жою бойынша барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қарулы Күштер бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істердің, әкімдіктің, медициналық мекемелердің іс-қимылдары үйлестірілді, - деді ол.

Әскери қызметкерлер ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері арқылы қоймадағы жағдайды бақылауды, оқиға аймағын қоршауды ұйымдастырды. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен бірге бронды техникамен қойма аумағына кіріп, өрттің таралу динамикасы мен алғашқы салдарын тексерді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 16:06

Жамбыл облысы әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Уақыт өте келе жарылыстар тоқтады, алайда өрт жалғасуда. Сонымен қатар, бірқатар инженерлік оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар жанып, жарылыс, дүмпулер, ауқымды жалын мен қатты дыбыстық әсер тудыруы ықтимал.

Әскери бөлім мен инженерлік оқ-дәрілер қоймасы 1972 жылдан бері бар. Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін 2019 жылдан бастап осы қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылды. Бұл оқ-дәрілер қоймасында алыс қашықтықтағы іс-қимылға арналған снарядтар жоқ.

Инженерлік оқ-дәрілер қоймаларда сақталады. Онда жер асты қоймалары жоқ. Аталған әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зениттік, зымырандық, атыс) сақталмайды.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: