Алматыда кішкентай баланы микроавтобус басып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 21:48 zakon.kz
Қазіргі уақытта жол полициясы мән жайды анықтауда.

Қайғылы жағдай Алматыдағы «Теректі» ықшамауданында орын алды. Бүлдіршін көлік дөңгелегінің астына түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Toyota Hiace маркалы микроавтобус Тау Самалы көшесімен жүріп келе жатып, ішіндегі жолаушыларды түсіру үшін тоқтаған. Олардың ішінде балалар да болған. Ең кішісі бір жарым жаста екен.

Белгісіз себептермен бала көліктің астына кіріп кеткен. Оны ешбір жан байқамаған. Жүргізуші де ары қарай жүре жөнелген. Артқы дөңгелегімен баланы мыжып кеткенде ғана бірақ сезген екен.

Бүлдіршін ауыр жағдайда ең жақын деген ауруханаға жеткізілсе де, тым ауыр жарақаттарды көтере алмай, көз жұмды.

Қазіргі уақытта жол полициясы мән жайды анықтауда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 21:48

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: