Ермекбаев оқ-дәрілер сақтайтын екі базаның құрылысын жеделдетуді тапсырды
![ҚР ҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2021 23:44](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-a7d09a81-db6d-4a0e-a257-ac6d78138e3a/800x452.webp)
Аталмыш объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің Кешенді жоспарында қарастырылған.
Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Аталмыш объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің Кешенді жоспарында қарастырылған, делінген ҚР Қорғаныс министрлігі хабарламасында.
Объектілердің құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Онда Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қоймаларды елді мекендерден алшақтату, сондай-ақ арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекараларын сақтау да ескерілген, деп атап өтті ведомствадағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript