Жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды, дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.
Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript