Қаскелеңдегі газ жарылысы тағы бір адамның өмірін қиды

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 14:43 Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Көпқабатты үйдің тұрғындары уақытша басқа үйге көшірілді.

Қаскелеңдегі көпқабатты үйде болған газ-ауа қоспасының жарылысынан тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алған жарақаттарынан аудандық ауруханада 1939-шы жылы туған әйел қайтыс болды.

- Алматы облысының әкімі берген тапсырма бойынша, зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Алдымен үйдің тұруға жарамдылығын тексереміз. Жарайтын болса – баспана қалпына келтіріледі. Құрылыс компаниялары жұмысқа кірісуге дайын отыр, - деді Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

8 қаңтарда Қаскелеңдегі көпқабатты үйде газ жарылып, оқиға орнында 2009-шы жылы туған бала қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: