Еуропада «Юнис» дауылы 16 адамның өмірін қиды

Қайтыс болғандардың басым бөлігі Польша мен Нидерланды тұрғындары. Ал Ұлыбританияда үш адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаза тапқандардың арасында Германия, Бельгия және Ирландия тұрғындары да бар. Адамдарды дауылдан құлаған ағаштар мен ғимарат қабырғалары басып қалған.
Дауыл әсіресе Ұлыбританияға қатты соққы болды. Лондонда қауіптің «қызыл» деңгейі жарияланды. Ол жақта дауыл салдарынан 77 мыңнан астам адам әлі жарықсыз отыр.
Бір аптаның ішінде соққан үш түрлі дауыл еуропалықтарды әбден әбігерге салып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript