Елордада сауда үйінің өртену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
ТЖД
Келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін әкімдік өкілдері мен сауда үйінің басшылығынан тұратын жедел штаб құрылды.
Елордадағы "Тұлпар" сауда үйіндегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін "102" шұғыл байланыс желісіне сағат 7.36 -да "Тұлпар" сауда үйінде өрт болғаны туралы қоңырау келіп түсті. Нұр-Сұлтан ПД құрамы жақын маңдағы Тараз және Уәлиханов көшелерін, Сейфуллин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін қоршау қойды, делінген хабарламада.
Оқиға орнында арнайы техника тартылды. Төтенше жағдай департаментімен бірглесе, өрт ауыздықталып жатыр. Тілсіз жаудың себебі мен аумағы анықталуда.
Келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін әкімдік өкілдері мен сауда үйінің басшылығынан тұратын жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта полицияға зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, деп қорытындылады полиция депортаменті.
Елордада "Тұлпар" сауда үйінен таңертең өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге 19 техника мен астаналық төтенше жағдай департаментінің жеке құрамынан 71 адам жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript