Жаңалықтар тізбегі
0

Мектеп директоры кетсін! Түркістан облысында дау шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2021 16:56 видеодан кадр
Оқушыны өлімге итермеледі деп айып таққан ауыл тұрғындары талап қойды.

Түркістан облысы Ордабасы ауданның тұрғындары ауылдағы мектеп директорының жылы креслосынан кетуін талап етіп, шу шығарды. Бұл жағдайға биыл 2 маусым күні 9-шы сыныпты бітірген қыздың өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмғаны себеп болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайға ауыл тұрғындары мектеп директорын кінәлауда. Яғни, білім беру мекемесі басшылығының тарапынан өрімдей қызға емтихан кезінде қысым көрсетілген дейді. Сондықтан оның бұл қызметті атқаруға моральдік қақы жоқ деп есептейді. Бұған қатысты жауапты орган басшылары не дейді?

Көкарал ауылындағы мектепте 1-ші қыркүйек дау-дамаймен басталды. Мағжан Жұмабаев атындағы мектепті басқарып отырған директордың кетуін талап еткен тұрғындар, өздерінің бала-шағалары үшін алаңдаулы екендерін айтады. Себебі, бір қыздың өмірімен ойнаған білім беру мекемесінің басшысының енді не ойлағаны барын қайдан белеміз үрейленіп отыр.

Жұлдызай Сұлтанова, Көкарал ауылының тұрғыны:

Оқымаса оқымай кетсін, білім алмаса алмай кетсін. Ондай басшыдан шыққан оқушылар қандай оқушы болады. Қандай тәлім-тәрбие алады ондайдан. Ол директор қайтып келетін болса, мен жібермеймін. Жібересіздер ма? Жібермейді ешкім.

Ал, айдың-күннің аманында қызынан айырылып қалған әкесі енді осы мектепте оқып жүрген қалған балаларыма алаңдаулымын дейді. Оның үстіне, әйелі осы білім беру орынында мұғалімдік қызметте екен. Яғни, басшысын көрген сайын ішіндегі жараның беті қайта ашылып кете береді деп қан жылайды.

Ақылбек Тәліпбаев, марқұм қыздың әкесі:

Мен жаңағы тергеу бөліміне, облыстық департаментке қанағаттанбаймын. Үш айға созылып кетті бұл. Екі айда бітіреміз деп уәде берген. Күдігім бір-бірімен байланысы бар болды. Мынау ДВД мен білім саласы облоно, аудан бөлімі барлығының бір-бірімен байналысы бар. Сондықтан да үш айға созды деп санаймын мен.

Ал, мектеп директоры жұмыста болмай шықты. Жиналғандармен бірге келген қайын атасы келініеің қан қысымы көтеріліп, ауырып жатқанын айтып қалды. Телефон шалып хабарласқанымызда жауапта бермеді. Алайда, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы атышулы мектеп директорының жұмыстан уақытша шеттетілгенін жеткізді.

Шұға Нұрабаева, Ордабасы аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:

8-ші маусым күні мектеп директорын мен қызметінен шеттеттім. Өйткені, тергеу амалдарына ешқандай кедергі болмасын деген мақсатпен. Міне, күні бүгінге дейін мектеп директоры бұл мектепке келген жоқ. Алайда, мен құзырлы мекемелердің тексеруін күтудемін. Егер де қортындысы қолымызға тимесе, мен ол мектеп директорын сен жұмыстан кет деп дәлелсіз айта алмаймын.

Алайда, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы директорға өз еркімен орынын босатуды талап етіпті. Бірақ оқу орының басшысы істің-қарасын білмей кетпеймін деген сыңай танытыпты. Енді басы дауға қалған директордың жұмыстан қашан кетітінін не қалатыны құзырлы орган өкілдерінің шешіміне байланысты болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: