Теміртауда үстіне темір қақпа құлаған баланың жағдайы күрт нашарлап кетті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2021 16:38 pixabay.com
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Теміртаудағы балабақшаның темір қақпасы астында жаншылып қалған баланың есту және көру қабілеті нашарлап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

13 жасар бала алған жарақаттарынан емделіп жатыр, бірақ есту мен көру қабілеті нашарлай бастапты. Одан бөлек, беттің сол жақ жартысы тартып, неврит пайда болды. Жарақат алған Дима дәрігерлердің ұдайы қадағалауында, деп хабарлайды Патриот Telegram-парақшасында.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Тергеуші сот-медициналық сараптама тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде Теміртау қаласының 8-ші шағын аудандағы "Таңшолпан" балабақшасының темір қақпасының бір бөлігі Дмитрийдің үстіне құлаған, ол інісін жаттығуға ертіп, келе жатқан. Баланың шекесінен бастап желке тұсына дейінгі бас-сүйегі жарылып, Мақажанов клиникасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: