Украинада бойжеткен садақтан оқ атып, мектепте қырғын жасады
pl.npu.gov.ua
Жергілікті полицияның мәліметінше, оқ атқан - 2002 жылғы полтавалық бойжеткен.
Украинада қолында арбалеті бар қыз мектепке келіп, екі мұғалімді жаралады, деп хабарлайды zakon.kz.
Gazeta.Ru-дың мәліметінше, оқиға 6 қыркүйек күні таңертең орын алған.
Жергілікті полицияның мәліметінше, оқ атқан - 2002 жылғы полтавалық бойжеткен.
Қыздың шашы жасыл түсті, аниме стиліндегі мультфильм кейіпкеріне ұқсайды, - дейді куәгерлер.
Мектеп директоры жергілікті газетке берген сұқбатында қыздың екінші қабаттағы кабинеттердің біріне кіріп, мұғалім мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына оқ атқанын айтқан.
Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, - деп жазады басылым.
Қазіргі уақытта полиция қылмыстың себептерін анықтап жатыр. Екі мұғалімге дене жарақатын келтіру фактісіне қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұғалімдердің алған жарақатына қатысты толық ақпарат жоқ, олар ауруханада жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript