Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында саябақта баланы тоқ соқты

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 21:25 pixabay.com
Бастапқыда баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланды.

Атырау облысында саябақта баланы тоқ соқты. Салдарынан 11 жасар бала ауыр халде орталық облыстық ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға 2 қыркүйек күні кешкі тоғыздар шамасында Атырау облысының Құрманғазы ауылының орталық саябағында орын алған, деп хабарлайды Moй город.

Баланың туыстарының айтуынша, кездейсоқ көшедегі жарықтандыру бағанын ұстаған 11 жасар Аманжол Сұлтанды тоқ соққан. Зардап шегуші дереу орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Емдеу мекемесінің хирургі Нұрғиса Шолпанов атап өткендей, бастапқыда баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланды.

Бала үш күн жан сақтау бөлімінде болды, онда тырысу, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі анықталды. Реаниматологтар уақытылы білікті көмек көрсетті. Қазір оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, тиісті ем қабылдауда. Электр тогының соғуынан кейін, ең алдымен, жүрек-тамыр жүйесі зардап шегеді, бүгін оған ЭКГ-ның екінші процедурасы жасалады, оның нәтижесін сала мамандары зерттейді. Олар бұл нәтижелерді бастапқы көрсеткішпен салыстырады. Емдеу курсы - 10 күн, бала жалпы палатаға ауыстырылды, - деді Шолпанов.

Белгілі болғандай, орталық Жеңіс саябағы күрделі жөндеуден өткізу үшін бүгіндері жабық. Ол 2021 жылы ауылдық әкімдіктің балансына өткізілген.

Баланың ата-анасы полицияға шағым түсірмеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: