Жаңалықтар тізбегі
0

Санавиация көмегімен Дубайдан елімізге екі жасар бала жеткізілді

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 23:43 Баспасөз қызметі
Шетелдік медицина мамандарының қорытындысына сәйкес науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланды, бала ІІІ-дәрежелі терең церебралды комаға түскен.

Биыл қазан айында ҚР Сыртқы істер министрлігіне Дубайдағы Қазақстан азаматы хабарласып, "Latifa" ауруханасында жасанды тыныс алу аппаратында жатқан 2017 жылғы ұлының туған жеріне жеткізуге көмектесуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қазанда Дубайда бала бассейнде ес-түссіз күйде табылған. Балаға жедел медициналық көмек көрсетіліп, реанимациялық шаралар жүргізіліп, жүрек қызметі қалпына келтірілді. Шетелдік медицина мамандарының қорытындысына сәйкес науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланды, бала ІІІ-дәрежелі терең церебралды комаға түскен.

Комиссия өтінішті қарап шыққаннан кейін, сондай-ақ науқастың жағдайы әуе арқылы тасымалдауға мүмкіндік беретіндігі туралы растау алғаннан кейін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық шұғыл медициналық көмек үйлестіру орталығымен бірлесіп арнайы құжаттар ұйымдастырды.

27 қазанда жылжымалы медициналық авиациялық бригаданың қолдауымен кішкентай науқас отанына мандандырылған ұшақпен сәтті жеткізілді. Арнайы борт сағат 10.40-да "Нұр-Сұлтан" әуежайына келіп қонды, сол жерден науқас реанимобильде Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді.

Биылғы жылдың 9 айының нәтижелері бойынша шетелде ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 16 рейс орындалды. Қызметтің барлық кезеңінде шетелдік медициналық мекемелерден 69 Қазақстан азаматы жеткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: