12 жасар бала Есілден Көкшетауға санавиация тікұшағымен жеткізілді
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
"Қазавиақұтқару" ТЖМ экипажы санитариялық авиация дәрігерімен бірлесіп, 2014 жылы туған баланы Есіл қаласынан Көкшетауға шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, балаға жедел медициналық көмек қажет болған. Ол әрі қарай тексеріліп, ем алу үшін Көкшетаудағы облыстық медициналық мекемеге жеткізілді.
Экипаж бен медицина маманының жедел жұмысының арқасында науқас облыс орталығындағы медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді.
Бұған дейін ТЖМ тікұшағы Баянауылдан Павлодарға науқасты шұғыл жеткізгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript